Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Жартылай финалда Төрехан Сабырхан Қытай өкілі Ван Пэйченді жеңді. Ол алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Қарсыласын нокдаунға жіберді.
Екінші раундта да қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.
Осылайша Төрехан Сабырхан финалға жолдама алды. Бұған дейін шешуші кезеңге Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) да өткен болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!