Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сабыржан Аққалықов Моңғолия өкілі Далай Ганзоригке қарсы жекпе-жекті сенімді бастады.
Алғашқы раундтың өзінде-ақ қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдыққа ие болды.
Одан кейін де Сабыржан Аққалықов басымдығын сақтап қалды. Екінші раундта Далай Ганзориг тағы да нокдаунға түсті. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, финалда қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Джавохир Абдурахимовпен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!