Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта 1/2 финалда Моңғолия өкілі Билгуунсайхан Хархуумен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Махмұд Сабырхан Азия біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!