Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U23 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Соңғы жарыс күнінің кешкі сессиясында U23 жас санатында ерлер арасында ақтық бәсекелер өтті. Нәтижесінде отандастарымыз үш алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды.
Аман Қонысбек 75 келіге дейінгі салмақта финалда Қырғызстан өкілі Алмаз Оразбековты жеңді. Темірлан Мұқатаев 85 келіге дейінгі салмақта Норбек Абдуллаевты (Өзбекстан) тізе бүктірді.
Сондай-ақ, Ибрагим Бетаев өзбекстандық Самир Сабировтен басым түсті. Ал Бексұлтан Боранбек 55 келіге дейінгі салмақта финалда Үндістан өкілі Гангадан жеңілді.
Нұрасыл Төлебек 60 келіге дейінгі салмақта Жапония боксшысы Коичи Накаямаға есе жіберді. Нұрбек Мұрсал 70 келіге дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Абдуллох Мадаминовтан жеңілді.
Өнер Сейілхан 80 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан өкілі Фазлиддин Еркинбоевке жол берді.
Осылайша, U23 жас санатында Қазақстан құрамасының еншісінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола медаль бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!