Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы шешуші дайындық өткізіп жатыр

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы шешуші дайындық өткізіп жатыр
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді.

"Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынына кірістік. Бұл - Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қорытынды дайындығымыз. Бұл жолы бізге Ресей, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария боксшылары қосылды. Бірлесе нәтижелі жаттығу жиынын өткіземіз деген жоспар бар", - деді бас бапкер.

Алда әйелдер құрамасын бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр: Азия чемпионаты, Финляндиядағы халықаралық турнир және Әлем кубогының алғашқы кезеңі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget