Бокстан Азия чемпионаты: бес қазақстандық финалға жолдама алды

Бокстан Азия чемпионаты: бес қазақстандық финалға жолдама алды
Фото: ҚБФ

Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бес қазақстандық спортшы финалға жолдама алды: 

  • 60 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Қалдыбаев бутандық Дечен Дорджиді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға шықты.
  • 65 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Илья Калинин филиппиндік қарсыласы Марк Эшли Фаджардо жарыстан бас тартуына байланысты ақтық сынға өтті.
  • 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал малайзиялық Мухаммад Арифпен бақ сынасты. Нәтижесінде жеңіске жетті.
  • 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжарәлі Бегалиев Үндістан өкілі Анкуштан басым түсті.
  • 90 келіге дейінгі салмақта Темірлан Мұқатаев оңтүстік кореялық Ячан Мунды мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша финалға шықты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget