Бокстан Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш алтын үшін жұдырықтасады

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жартылай финал басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасынан алғашқы болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты.

Ол Қытай өкілі Алимире Абудурейимуға қарсы жекпе-жектің алғашқы раундында сенімді өнер көрсетіп, басымдыққа ие болды.

Екінші раундта да Бақыт Сейдіш қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Оның шешуші жекпе-жектегі қарсыласы кейін анықталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз