Бокстан Әлем кубогы: Виктория Графеева Оңтүстік Корея боксшысына еш мүмкіндік бермеді

Бокстан Әлем кубогы: Виктория Графеева Оңтүстік Корея боксшысына еш мүмкіндік бермеді
Фото: ҰОК

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келідегі фаворит Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея боксшысы Иеонжи Охқа еш мүмкіндік бермеді.

Алғашқы раундта төрешілер қарсыластың белсенділігін жоғары бағалағанымен, қалған уақытта жерлесіміз жекпе-жектің бағытын өзгертіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Лаура Есенкелді ширек финалда тоқтады. 2025 жылғы Қазақстан чемпионы, 70 келіде өнер көрсететін Лаура Есенкелді 1/4 финалда жарыс қожайыны, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Люмен күш сынасты.

3 раундқа жалғасқан бәсекеде жергілікті боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget