Қазақстан құрамасы бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева үздік атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Ребекка Сантоспен кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, финалда Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) және Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін) да өнер көрсетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!