Бокстан Әлем кубогы: Қазақстан жарысты үш жеңіспен бастады

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шықты.

54 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай 1/16 финалда Түркия өкілі Айшен Ташкынды жеңді.

Сондай-ақ, 70 келіге дейінгі салмақта Фарух Тоқтасынов та 1/16 финалда жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында екі рет нокдаунға түскеніне қарамастан, төрешілер шешімімен (3:2) ирландиялық Джон Макконеллдан басым түсті.

80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов 1/8 финалға жолдама алды. Ол жапониялық Кай Ториабені мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды.

Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі жарысты ерте аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақта Жансері Көшербаев ирландиялық Джуд Галлахерге есе жіберді. 90 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов бразилиялық Исаиас Фильоға жол берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!