Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) бокстан Әлем кубогы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Күндізгі сессия 19:00-де басталады:
- 65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Хуго Грау (Франция)
- 51 келі. Алуа Балқыбекова - Златислава Чуканова (Болгария)
Кешкі сессия 1:00-де басталады:
- 65 келі. Аида Әбікеева - Виктори Жилкова (Чехия)
Айта кетейік, үшінші жарыс күні шаршы алаңға Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) шықты. Олардың екеуі жарыс жолынан шығып қалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова