Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Екі дүркін әлем чемпионы, 51 келіде өнер көрсететін Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты.
Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол ширек финалға шықты.
Ал Санатәлі Төлтаев Әлем кубогын аяқтады. 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев екінші айналымда Ұлыбритания спортшысы Патрис Мугалзаимен өзара мықтыны анықтады.
3 раундқа жалғасқан бәсекеде төрешілер 5:0 есебімен қарсылас боксшыны жеңімпаз деп таныды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!