Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келіде ел чемпионы Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ боксшысы Салим Еллис Беймен қолғап түйістірді. Төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласқа берді.
Ал Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогында бірінші жеңісін тіркеді. Әлем чемпионы, 70 келідегі тәжірибелі боксшылардың бірі Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда Әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты.
Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ жекпе-жекті өз бақылауында ұстап, 4:1 есебімен басым түсті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!