Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге аттанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі және 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай еліміздің мәдени астанасында Отанға адал болуға салтанатты түрде ант етті.
5571 әскери бөлімінің саптық шеру алаңында Отан алдындағы борышын өтеу үшін еліміздің әр өңірінен қызмет етуге келген 700-ге жуық сарбаздың салтанатты түрде әскери ант қабылдауы өтті. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.
"Әскер - жігітке көп нәрсе беретін шынайы өмір мектебі. Боксшы ретінде бұл маған өте маңызды. Мен Ұлттық ұлан қатарына шақырылғанымды мақтан тұтамын. Мен абыроймен қызмет атқарып, әскери бөлімнің туын жоғары ұстаймын", – деді қатардағы жауынгер Санжар Тәшкенбай.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз