Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өтетін U19 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде ел намысын жалпы жиырма спортшы қорғайды.
Ерлер арасында
- 50 келі: Әділ Асқанбай
- 55 келі: Айдос Үсенов
- 60 келі: Данияр Ақбисенов
- 65 келі: Ақжүрек Қалабай
- 70 келі: Бибарыс Әшірбай
- 75 келі: Әмір Рамазан
- 80 келі: Тимур Тайбеков
- 85 келі: Руслан Ахметов
- 90 келі: Еркетан Жарқынбек
- +90 келі: Владислав Саможонов
Әйелдер арасында
- 48 келі: Жадыра Қалтай
- 51 келі: Мадира Жұмақан
- 54 келі: Жанель Имантаева
- 57 келі: Алина Құдайгенова
- 60 келі: Индира Қыдырмолдаева
- 65 келі: Айсұлу Мұхит
- 70 келі: Камила Оспанова
- 75 келі: Алтынгүл Аймахан
- 80 келі: Айдана Убайдуллақызы
- +80 келі: Зарина Толыбай
Айта кетейік, әлем біріншілігі 15-27 қазан аралығында өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!