Бокстан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионаты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 қыркүйекте Қазақстан құрамасының атынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығады.
Күндізгі бағдарлама Астана уақытымен 16:00-де басталады:
- 51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова - Мун Каен (Оңтүстік Корея)
- 60 келіге дейін: Виктория Графеева - Люси Кингс-Уитли (Ұлыбритания)
- 55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан - Башким Байоку (Косово)
- 80 келіге дейін: Нұрбек Оралбай - Тоқтарбек Таңатхан (Қытай)
Кешкі бағдарлама Астана уақытымен 22:00-де басталады:
- 48 келіге дейін: Назым Қызайбай - Лилла Селецки (Венгрия)
- 50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай - Хутайфа Эшиш (Иордания)
- 85 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов - Георгий Кушиташвили (Грузия)
- 70 келіге дейін: Наталья Богданова - Сема Чалышкан (Түркия)
- 65 келіге дейін: Ертуған Зейнуллинов - Патрис Мугалзай (Ұлыбритания)
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!