7 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша ерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі дебют жасайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың төртінші күнінде рингке шығатындар:
- Азия чемпионатының күміс жүлдегері, "Странджа-2025" кубогының қола жүлдегері Оразбек Асылқұлов,
- екі дүркін Қазақстан чемпионы, "Странджа-2025" кубогының жеңімпазы Ертуған Зейнуллинов,
- әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019 және 2021 жылдар) Абылайхан Жүсіпов.
Еске салайық, турнирдің әр жарыс күнінде екі сессия өтеді: 18:00-де және 22:00-де (Қазақстан уақытымен).
Алдымен рингке Оразбек Асылқұлов шығады. 57 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық боксшының Кабо-Верде өкілі Элисандро Санчес да Силвамен жекпе-жегі 18:00-дегі бірінші сессияға жоспарланған.
Қалған боксшылар жекпе-жектерін екінші сессияда өткізеді. Ертуған Зейнуллиновтың (63,5 килограмға дейін) және Абылайхан Жүсіповтің (71 килограмға дейін) жекпе-жектері 22:00-ден кейін өтеді. Олардың қарсыластары – Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэл және Армения өкілі Арарат Арутюнян.
Қазақстанда жекпе-жектерді тікелей эфирде QArena арнасы, телеарнаның сайтынан көруге болады.
Еске салайық, Дубайда бокстан әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтеді. Жарыс жеңімпаздары 300 мың доллардан, күміс жүлдегерлер – 150 мың доллардан, қола жүлдегерлер – 75 мың доллардан, ал ширек финалға шыққандар 10 мың доллардан алады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz