Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кезекті жарыс күні Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі сынға түседі.
- 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова Панагета Кузилумен (Грекия) күш сынасады.
- Аида Әбікеева (65 келіге дейін) алғашқы жекпе-жегінде венгриялық Лука Хаморимен кездеседі.
Екі кездесу де күндізгі сессияда өтеді. Ол Астана уақытымен 15:00-де басталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова