Боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) өткен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!