Боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатында қарсыласын ойсырата жеңді

Боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатында қарсыласын ойсырата жеңді
Фото: ҰОК

Боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) өткен болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget