Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

10 сәуірде бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасындағы финал басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта үндістандық Сачин Сачинмен кездесті.

Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші кезеңде Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді.

Ал шешуші раундта Оразбек Асылқұлов шабуылда белсенді болып, қарқынды соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз