Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Әлем кубогын жеңіспен бастады

Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Әлем кубогын жеңіспен бастады
Фото: ҰОК

Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) бокстан Әлем кубогы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде Хассен Аттиямен (Тунис) жұдырықтасып, 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, үшінші жарыс күні шаршы алаңға Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) шығады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget