Боксшы қыздарымыз еш жекпе-жексіз жеті жүлде иеленді

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Испаниядағы халықаралық турнир басталмай жатып 7 жүлде еншілеп үлгерді. Тіпті жарысты финалдан бастайтын бұрымды боксшыларымыз да бар. 

Ла-Нусиядағы Boxam Elite-2024 турниріндегі жеребе отандастарымызға сәтті түсті. Әйгерім Сатыбаева (48 кило), Жазира Орақбаева (52 кило), Мәдина Нұршаева (70 кило) мен Гүлсая Ержан (75 кило) жарысты жартылай финалдан бастайды. Кемі қола жүлдеге қол жеткізіп тұр. Ал Аида Әбікеева (63 кило), Фариза Шолтай (81 кило) мен Ләззәт Күнгейбаева (+81 кило) еш жекпе-жексіз финалда бақ сынайды. 

Жарысқа қатысушы Қазақстан құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 кило), Әнел Сақыш (54 кило), Карина Ибрагимова (57 кило) мен Айдана Забынбекова (60 кило) да бар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!