Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ол 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Жартылай финалда Айбек Оралбай Түрікменстан өкілі Довлет Исламовты жеңді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін финалға Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) пен Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) шыққан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!