Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) жеңіл салмақта WBC Silver чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды. Ол Ыстанбұлдағы бокс кешінде чилилік Даниэле Асенхоға (15-3-3, 2 КО) жол берді.
26 жастағы Ангелина Лукас кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасып, төрешілер шешімімен Асенхо жеңіске жетті. Ол мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізіп, бос тұрған WBC Silver белбеуін иеленді.
Жеңімпазды анықтар сәтте бірінші Ангелинаның қолын көтерген. Кейіннен қарсыласын жеңімпаз деп таныды.
Жекпе-жек аяқталғаннан кейін төрешілер 1 мен 7-раундтар нәтижесінде менің қолымды көтерген. Алайда рефери супервайзерге қарап, оның сөзінен кейін қарсыласымның қолын көтерді. Кездесу аяқталған соң барлық төреші есептеулері өзгертілген, - дейді Лукас Instagram парақшасында.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!