- Негізгі бет
- Спорт
- "Боксқа әлі тойған...
"Боксқа әлі тойған жоқпын". Бибосынов Ташкенттегі жеңілістен кейін құрамадан кетуге қатысты ойын ашық айтты
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов "Cпорт министрі" YouTube-арнасына берген сұхбатында Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін құрама сапынан кетуге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тағы еңбек сіңіргім келеді, қазақтың көк туын көкке көтергім келеді. Кейбіреулер айтады "жастарға жол бермейсің бе" деген сияқты. Жасым жиырма бесте ғана, 33 жаста, 35 жаста әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы болып жатқандар бар. Неге біз ондай болмасқа? Боксқа әлі тойған жоқпын", - дейді Бибосынов.
Еске салайық, бұған дейін Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында үнді боксшысынан жеңіліп қалғаны хабарланған еді. Кейінірек Қазақстан бокс федерациясы шағым түсірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова