Global Titans промоутерлік компаниясының басшысы Удай Сингх америкалық боксшы Флойд Мейвезер және филиппиндік Мэнни Пакьяо арасында қарымта жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Sports.ru басылымына сілтеме жасап.
"Флойд пен Пакьяо жекпе-жегін ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Желтоқсанда хабарлайтын шығармыз.
Бұл шоу жекпе-жек емес, нағыз қарымта болады. Флойдтың сұраған ақшасын берсек, кіммен болсын шығуға дайын.
Ол маған "Неге болмасқа? Жасайық" деген болатын. 2017 жылы Конор МакГрегормен кездесуден кейін шынайы жекпе-жек өткізген емес. Онымен келіссөз жүргізу қиын. Бірақ ол спорттан мүлдем кететін уақыты жақын екенін біледі, екі-үш жылы ғана қалды. Кейін біз Мэнни Пакьяоның командасымен сөйлестік, олар маған "Бәрі жақсы. Мэнни рингке шығуға дайын" деді. Қазір ақша мәселесі дегендей жақтары талқыланып жатыр, – дейді Сингх.
Еске салайық, 2015 жылы бес салмақта чемпион болған Мейвезер мен сегіз дивизионда экс-чемпион Пакьяо арасында бірінші жекпе-жек өтіп, америкалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!