"Алтын доп" жүлдесін ұйымдастырушылар түрлі номинация бойынша үміткерлерді жариялап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жылдың үздік бапкеріне табысталатын Йохан Кройф жүлдесіне үміткерлер жарияланды. Foot Mercato мәліметінше, басты фаворит - ПСЖ бас бапкері Луис Энрике. Испаниялық маман париждік клубты чемпиондар лигасында қатарынан екінші рет жеңіске жеткізгеннен кейін жүлдені екінші жыл қатарынан иеленуге үміткер болып отыр.
Сонымен қатар, оған тағы үш испаниялық маман бәсекелес. Луис де ла Фуэнте Испания құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткізгеннен кейін үміткерлер қатарына енді. Ал Микель Артета "Арсеналды" 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атандырып, командасын чемпиондар лигасының финалына жеткізді.
Тағы бір үміткер - Унаи Эмери. Оның жетекшілігіндегі "Астон Вилла" Еуропа лигасында жеңімпаз атанды. Үздік бестікке "Баварияның" бас бапкері Венсан Компани де кірді. Мюнхендік клуб Германия чемпионы атанып, чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті.
2026 жылғы үздік бапкер жүлдесіне үміткерлер:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!