- Негізгі бет
- Спорт
- Билли Джин Кинг...
Билли Джин Кинг кубогы: теннистен ұлттық құрама алғашқы ойында Аустралиямен шеберлік байқасады
Испанияның Севилья қаласында Билли Джин Кинг Кубогының финалды кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
В тобына түскен Қазақстан құрамасының ойын кестесі мынадай:
- Қазақстан – Аустралия (9 қараша, Астана уақытымен сағат 15:00)
- Қазақстан – Словения (10 қараша, сағат 15:00)
Ұлттық құрама сапында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева мен Аружан Сағындықова бар. Соңғысы үшін бұл халықаралық деңгейдегі ең ауқымды алғашқы жарыс саналады.
Биылғы турнирдің ақтық кезеңіне барлығы 12 ел жолдама алды. Қазақстан сәуір айында Астанада Польшадан басым түсіп, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен.
- АҚШ, Швейцария, Чехия (А тобы);
- Қазақстан, Аустралия, Словения (В тобы);
- Испания, Канада, Польша (С тобы);
- Франция, Италия, Германия (D тобы);
Севильядағы бәсеке 12 қарашада мәресіне жетеді. Командалық әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің жалпы жүлде қоры - 9,6 миллион АҚШ доллар. Жеңімпаз соның 2,4 миллионын, күміс жүлдегер 1,4, жартылай финалға шыққандар 960 мыңнан, топтан шыға алмаған қалған құрамалар 480 мың доллардан алады.
Еске салайық, былтыр Шотландияның Глазго қаласында өткен Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан С тобында Испания және Ұлыбритания құрамасымен шеберлік байқасқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан