Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер ширек финалда Испания құрамасымен кездеседі. Ширек финалда кездесетін жұптардың толық құрамы мынадай:

  • Қазақстан - Испания
  • Италия - Қытай
  • Украина - Бельгия
  • Чехия - Ұлыбритания

Жарыстар 22-27 қыркүйек аралығында Шэньчжэньде (Қытай) өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!