10-11 сәуір аралығында Астанада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Канада құрамалары арасында матч өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы сапында кортқа шығатын спортшылар:
- Анна Данилина (жұптық сында WTA рейтингінде №6);
- Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №76);
- Жібек Құламбаева (жұптық сында WTA рейтингінде №178);
- Аружан Сағандықова (WTA рейтингінде №871);
- Соня Жиенбаева (WTA рейтингінде №1018).
Айта кетейік, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы кездесуге қатыспайды. Мұндай шешім Қазақстан теннис федерациясы мен спортшының жаттықтырушылар штабының келісімімен қабылданған.
Биыл Елена Рыбакина үшін басты мақсат - әлемдік рейтингте көшбасшы болу үшін күресу.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова