Билли Джин Кинг кубогі: Елена Рыбакина алдағы жарысқа қатыспайды

Билли Джин Кинг кубогі: Елена Рыбакина алдағы жарысқа қатыспайды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

10-11 сәуір аралығында Астанада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Канада құрамалары арасында матч өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы сапында кортқа шығатын спортшылар:

  • Анна Данилина (жұптық сында WTA рейтингінде №6);
  • Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №76);
  • Жібек Құламбаева (жұптық сында WTA рейтингінде №178);
  • Аружан Сағандықова (WTA рейтингінде №871);
  • Соня Жиенбаева (WTA рейтингінде №1018).

Айта кетейік, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы кездесуге қатыспайды. Мұндай шешім Қазақстан теннис федерациясы мен спортшының жаттықтырушылар штабының келісімімен қабылданған.

Биыл Елена Рыбакина үшін басты мақсат - әлемдік рейтингте көшбасшы болу үшін күресу.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget