- Негізгі бет
- Спорт
- Бибісара Асаубаева Гран-придің...
Бибісара Асаубаева Гран-придің шешуші кезеңіне шақырту алды
Бибісара Асаубаева Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің 3-кезеңінде 2-орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық шахматшы шешуші, 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады.
Бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпайға қол жеткізді. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алды. Ал бұл кезеңде ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейк бойынша жеңіске жетті.
Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.
Айта кетейік, Гран-придің шешуші 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Бибісара бұл кезеңге шақырту алған 12 шахматшының арасында бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан