Қазақстандық боксшы Cәкен Бибосынов 20 шілдеде Бішкекте өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде филиппиндік Кристиан Леганмен жұдырықтасады.
Бибосыновтың қарсыласы кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп үлгерген. 6 рет жеңіске жетіп, 4-еуінде уақытынан бұрын ұтқан. 1 рет жеңіліп, 3 кездесуінде тең түскен.
Бокс кешіне өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов пен қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекуулы да қатысады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!