Бибосынов кәсіпқой бокста дебют жасайды

Бибосынов кәсіпқой бокста дебют жасайды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Cәкен Бибосынов 20 шілдеде Бішкекте өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде филиппиндік Кристиан Леганмен жұдырықтасады.

Бибосыновтың қарсыласы кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп үлгерген. 6 рет жеңіске жетіп, 4-еуінде уақытынан бұрын ұтқан. 1 рет жеңіліп, 3 кездесуінде тең түскен.

Бокс кешіне өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов пен қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекуулы да қатысады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget