Сәкен Бибосынов ел чемпионатында топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Финалда Сәкен Бибосынов Нұрсұлтан Алтынбекпен жұдырықтасты.
Екі боксшы да шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды. Бірінші раундта қызылордалық Нұрсұлтан 3:2 есебімен басым түсті. Екінші раундта Сәкен 5:0 есебімен алда болды.
Үш раунд қорытындысы бойынша Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионы атанды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова