Бибарыс Әшірбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, ширек финалға өтті

Бибарыс Әшірбай бокстан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері басталды. 7 қарашада Қазақстан құрамасынан Бибарыс Әшірбай шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз 70 келі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Ливия өкілі Мохамед Джихадпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының 1/4 финалына шықты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз