Биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі: кімдер ел намысын қорғайды?

12 желтоқсанда Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы күні ерлер және әйелдер спринті өтеді.

Қазақстан құрамасы атынан жарыс жолына Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес, Милана Генева, Дарья Климина және Алина Скрипкина шығады.

Сондай-ақ, Әлем кубогы аясында із кесу жарыстары мен эстафеталар ұйымдастырылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!