Биатлоннан Әлем кубогы: спринтте кімдер бақ сынайды?

Биатлоннан Әлем кубогы: спринтте кімдер бақ сынайды?
Фото: ҰОК

8 қаңтарда Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогы басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың алғашқы күнінде спринт сайысы өтеді.

Ерлер арасында Қазақстан атынан Александр Мухин, Владислав Киреев және Әсет Дүйсенов жарыс жолына шығады. 

Ал әйелдер арасында Дарья Климина, Айша Рақышева және Полина Егорова сынға түседі. Әйелдер спринті Астана уақытымен 18:15-те басталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget