- Негізгі бет
- Спорт
- Бейжіңдегі Олимпиадада өнер...
Бейжіңдегі Олимпиадада өнер көрсеткен спортшылар қанша алады?
Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Өкінішке қарай қазақ спортшылары жүлде ала алмады.
500 метрге сырғанауда төртінші болып келген ұлттық құраманың ту ұстаушысы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев жеңіске бір табан жақын болды. Сондай-ақ, құрама онымен бірге аралас эстафетада бесінші нәтиже көрсетті.
Әжіғалиевтен бөлек, командада Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хан бар.
Осылайша, Әжіғалиевке Бейжіңдегі додада төртінші орын алғаны үшін мемлекеттік бюджеттен 40 000 доллар (17,1 миллион теңге), ал қалған шорт-трекерлердің әрқайсысына 10 000 доллардан (4,1 миллион теңге) беріледі.
Олимпиадада біріншіден алтыншы орынға дейінгі орындар үшін осындай сомалар спортшылардың жаттықтырушыларына да төленеді, бірақ бұл жерде спортшының сыйақысы команданың жеке, бірінші және тәлімгері арасында бөлінеді. Командалық спорт түрлері бойынша табысты өнер көрсеткені үшін команданың үш жаттықтырушысы бірдей мөлшерде сыйақы алады.
Осы олимпиаданың нәтижесі бойынша Қазақстан спортшылар мен жаттықтырушыларға жалпы сомасы 140 мың доллар (шамамен 60 миллион теңге) төлейді. Қаражат республикалық бюджеттен аударылады.
Жазғы және қысқы Олимпиада жеңімпаздарына төленетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы No 1435 қаулысымен реттелген.
Жалпы биылғы Олимпиадада отандастарымыз алтын алған жағдайда 250 мың доллар, күміс жүлде үшін 150 мың, қола медальға 75 мың доллар сыйақы алар еді. Сонымен қатар, төртінші, бесінші және алтыншы орын алған спортшылар – 50 мың, 10 мың және 5 мың АҚШ доллар сыйақы алады.
Жалпы, Бейжіңде Қазақстан құрамасы сапында 87 лицензия жеңіп алған 34 спортшы өнер көрсетті.
Т. Раушанұлы