Бейбіт Шүменов IBO рейтингінде үздік ондыққа енді

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесі бойынша наурыз айындағы жаңарған рейтингін жариялады. Жаңа рейтингте бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов үздік ондыққа енді.

Бейбіт Шүменов 11-орыннан 8-ге көтерілді. Сондай-ақ IBO рейтингінде Бейбіттен өзге де боксшыларымыз бар екені белгілі. Жеңіл салмақтағы жерлесіміз (53,5 келіге дейін) Жанат Жақиянов үш саты төмендеп 50-орынға тұрақтаса, бірінші ауыр салмақта бақ сынайтын Иса Ақбербаев 35-ші орнын сақтап қалды. Ал бірінші орта салмақтағы отандасымыз Қанат Ислам үздік жүздікке енбей қалды.