Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші әуелі 18 жастағы мексикалық Лука Лемайтрені 7:6 (11:9), 6:4 есебімен ұтты.
Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында бүгін америкалық Киган Смитті бір сағатқа жетпейтін уақытта оңай жеңді – 6:3, 6:1. Осы бәсекеде ол 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Осылайша, Бейбіт Жұқаев негізгі турнирге жолдама алды.
Грекиялық Стефанос Циципас бірінші ракетка болып тіркелген Лос-Кабос жарысы 5 тамызда мәресіне жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!