Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 354-орында тұрған америкалық Тай-Сон Квятковскимен өткізді.

Аса тартысты өткен матчта Жұқаев 4:6, 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Екі сағат 38 минутқа созылған матч барысында Бейбіт 22 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 174, жарыстың 6-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтон немесе рейтингте 517-сатыдағы испаниялық Иньяки Монтес де ла Торренің қай жеңгенімен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!