Бейбарыс Сұлтан Еуропа кубогының жүлдегері атанды

Дзюдошы Бейбарыс Сұлтан Прагада (Чехия) өткен жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Бейбарыс Сұлтан ақтық сында әзербайжандық Рамазан Ахмадовпен белдесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жастар арасындағы Еуропа кубогына 33 елден 455 дзюдошы қатысты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!