Бейбарыс Жексен кәсіпқой бокста жүрген қарсыласын жеңе алмады

Бейбарыс Жексен кәсіпқой бокста жүрген қарсыласын жеңе алмады
Фото: kfb.kz

Қазақстан ерлер құрамасы сапынан бір боксшы Азия чемпионатын ерте аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен жартылай финалға шыға алмады, - деп хабарлайды msports.kz.

Бейбарыс ширек финалдағы жекпе-жекте тәжік боксшысы Акмаль Убайдовқа есе жіберді. 

Акмаль 2021 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Бейбарыс бірінші жекпе-жегінде өзбек Дильшод Абдумуродовты жеңген болатын.

О. Сансызбай
Logotype Massaget