Бейбарыс Жексен жарыс жолынан шығып қалды

Бейбарыс Жексен жарыс жолынан шығып қалды
Фото: Сали Сабиров/ ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Бейбарыс Жексен ширек финалда Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Абдумалик Халоков (Өзбекстан) жеңіске жетті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget