Катардағы әлем чемпионатында Уругвай мен Оңтүстік Корея құрамалары тең тарқасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Эдьюкейшн Сити" стадионында Н тобының алғашқы матчі өтті - Уругвай мен Оңтүстік Корея футболшылары кім мықтыны анықтады.
Ойын басталмай жатып, жанкүйерлер корей құрамын талқылады. Себебі Оңтүстік Корея құрамасының қақпашы мен қорғаныс шебіне түгелімен Ким деген ойыншылар шыққан. Жанкүйерлерді негізгі құрамда бес Ким ойнайтыны таңғалдырған.
Ал ойынның бірінші таймында соққы аз болды. Командалар екеулеп жүріп үзіліске дейін 6 соққы жасаған - оның бірі де қақпаға дәл болмады.
Үзілістен кейін Уругвай футболшылары белсендірек болды. Бір мәрте допты қарсылас қақпасының бағанасына тигізді. Бірақ 90 минут бойы екі команда да қақпаға тура соққы жасай алмады.
Осылайша, матч 0:0 есебімен аяқталды. Уругвайлықтар сапында тәжірибелі Диего Годин бастаған қорғаушылар сенімді ойнады. Корейлерден де қорғаныстағы Кимдер сыр берген жоқ.
Енді Уругвай құрамасы 28 қарашада Португалиямен кездеседі. Ал корей футболшылары Гана құрамасымен күш сынасады.
Айта кетейік, Massaget.kz порталы әлем чемпионатына байланысты болжам бәйге өткізіп жатыр. Бас жүлде - iXXi Extreme планшеті! Болжам бәйгенің ережесін толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!