Бес балуан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бес балуаны Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола медалі үшін сынға түседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевпен күресіп, қарсыласына жол берді. Енді ол Анваржон Ибрахимовпен қола жүлде үшін күреседі.

Дәл осы салмақта Ақылжан Жұбатқанов 1/2 финалда ресейлік Сайгид Керимовтен жеңілді. Осылайша қола медаль үшін өтетін белдесуде Рамазан Абдулаевпен (Ресей) күреседі.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов жартылай финалда моңғолиялық Сухбат Бямбасурэнге жол берді. Енді Шерзод Давлатов отандасы Мағжан Шамшадинмен қола медальді өзара сарапқа салады. Ал Мағжан Шамшадин жұбаныш белдесуінде үндістандық Харш Сингхты жеңді.

Әйелдер арасында Меруерт Сәрсенова 52 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде бразилиялық Николь Маркесті жеңді. Осылайша қола медаль үшін өтетін бәсекеде ресейлік Лилия Нугаевамен күш сынасады.

Айта кетейік, финал 17:00-де басталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз