Мадридтік "Реал" және Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Карим Бензема футбол тарихындағы ең үздік форвард кім екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
38 жастағы франциялық футболшы өзін тарихтағы үздік үш шабуылшының бірі санайды. Алайда өзін бірінші орынға қоймайды.
Ол үздік шабуылшы атағына өз фаворитін атады.
"Үздік - R9", - деп жауап берді Карим Бензема. Осылайша, ол Бразилия футболының аңызы Роналдоны меңзеді.
Айта кетейік, жақында Карим Бензема саудиялық "Әл-Хиләл" клубынан кетіп, еркін агент атанды. Франциялық ойыншы Сауд Арабиясына көшкенге дейін 14 жыл бойы "Реал" сапында өнер көрсетті. Ол мадридтік клубтан кейін "Әл-Иттихад" командасының намысын қорғады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова