Мадридтік "Реал" Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем негізгі командамен жаттығуға қайта оралғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ағылшын жартылай қорғаушысы 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі қосымша демалысын аяқтап, бас бапкер Жозе Моуриньюдің жетекшілігімен жаттығуға кіріскен.
Клуб әлеуметтік желідегі парақшаларында Беллингемнің командаластарымен бірге өткізген алғашқы жаттығуынан сурет және видео жариялады.
2026 жылғы әлем чемпионатында жартылай қорғаушы Англия құрамасы сапында сегіз матч өткізіп, жеті гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
🤍 ¡Bienvenido de vuelta, @BellinghamJude! pic.twitter.com/zfoJylNH5F
— Real Madrid C.F. (@realmadrid) August 12, 2026
Айта кетейік, Беллингем "Реалға" 2023 жылы жазда "Боруссиядан" ауысты. Трансфер құны - 127 миллион еуро. Енді футболшы Испанияның 36 дүркін чемпионы сапында жаңа маусымға дайындалады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова